Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  1356


Автор: Ғабиден Қожахмет

Жездеге тілек

Жарқырап осы күнмен айдын бағы,
Тағы да қуанышта ой туғаны.
Жездеміз мерей жасқа толып отыр,
Шаттықтың сезіледі той-думаны.


Осындай есімізде сақталар күн,
Ап келсін тоймен жылдың шат қабағын.
Белес күн биігіне шығып отыр
Әкесі бүгін, міне, төрт баланың.


Тілейміз сондай күнді көпке біз де,
Мәні бар деп қарайық өткен ізге.
Туған күн құтты болсын тойға лайық,
Дегелі тұрмыз жезде-әпкемізге.


Осылай шаттық нұрын жайғанында,
Жездеміз жетсін ізгі арманына.
Қызығы отбасының талай келіп,
Тұрайық тілек айтып тойларында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу