Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  174


Автор: Ғабиден Қожахмет

Сұлулық таңы кеудеде өмір сүреді

Бақыттың бағын белгісіз болып табары,
Аңсаған жүрек ағысын іздеп барады.
Ұната тұрып, сезімі іште тұншығар,
Қыз сезім ғажап шынайы сүйе алады.


Үмітке толы, арманға толы үнемі,
Сұлулық таңы кеудеде өмір сүреді.
Аңсарлы сезім махаббат күйін аңсайды,
Сағыныш болып сырларға толы жүрегі.


Осынау күннің жүрекке түсіп салмағы,
Бірде өшіп үміт, арманын кейде жалғады.
Еліктей ерке елеңдеп қарар қыз сезім,
Махаббат пенен сұлулық сырдың таң бағы. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу