Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  167


Автор: Ғабиден Қожахмет

Сізде жатыр тағылым

(Шәкірттердің өз ұстаздарына тілегі)


Айтсақ сөздің әділін,
Ұстаз жанын біліп ұқ.
Сізде жатыр тағылым,
Сізде жатыр ұлылық.


Білім – қанат, кереге,
Керек дедік бүгінге.
Сізде жатыр өнеге,
Сізде дедік білім де.


Ашып білім сандығын,
Жамандықтан жирендік.
Жақсылықтың барлығын,
Ұстаз, Сізден үйрендік.


Әр сынақтың төрінде,
Білімменен жалғанды із.
Оқуда да, өмірде,
Сізден тәлім алғанбыз.


Ұстаздық жол тұрақты,
Болды сізге бақыт күн.
Жаныңызды қуантты,
Алғыстары шәкірттің.


Сіз көрсеткен қияға,
Ұмтылдық біз жетпекке.
Ұстаз сөзі ұяда,
Жаңғырады мектепте.


Құрмет бар деп білімге,
Таңдадыңыз жолды шын.
Шәкіртіңіз бүгінде,
Айтар Сізге алғысын. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу