Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  182


Автор: Ғабиден Қожахмет

Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын

Білімнің төгілтеді нәр бұлағын,
Жауапсыз қала қоймас әр сұрағың.
Біледі қоғамы әр кез мұндай жанды -
Қастерлі, қасиетті ол - мұғалім.

Қаламас басқа ойды, ісін білер,
Аямас өз ісінен күшін-жігер.
Сабағын алдындағы шәкіртіне
Байыпты сабырменен түсіндірер.

Оқу мен тәрбиені қатар ұстар,
Білімін ол әмәнда талмай ұштар.
Мінезін әр баланың жіті зерттеп,
Түзеуге тентекті де болған құштар.

Білімі - парасатты, ол - бір ағын,
Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын.
Ұстаз деп қоғам әр кез танитұғын,
Қастерлі, қасиетті ол - мұғалім.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу