Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  159


Автор: Ғабиден Қожахмет

Жанкүйердің болған сәтте алаңы

Медальдарға толды ма елдің сандығы,
Маринадай енді Сырдың бар гүлі.
Деуші едік-ау бокс қызға тән емес,
Бекер екен енді мұның барлығы.

Жанкүйердің болған сәтте алаңы
Лондон жақтан жақсы хабар тарады.
Тұңғыш рет боксынан қыздардың
Марина қыз жеңіп апты қоланы.

Біледі үміт артарын да кімге ел,
Намысты қыз бағасын да білген ер.
Қарт Қазалы толқып тағы тұрды ма,
Өз перзентін деген сәтте жүлдегер.

Келді ме екен рингте бағың дәл,
Сыр қызының қайсарлығын таныңдар.
Ақұдайдың пысық деуші еді қыздарын,
Мықты екен ғой қазалылық арулар.

Күткен шақта Лондон жақтан таң нұрын,
Тілекші елдің көзден жасы тамды мың.
Розасы, Мәдинасы бар елдің
Қандай жақсы Маринасы бар бүгін!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу