Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  214


Автор: Ғабиден Қожахмет

Шәкірт алғысы

Бағалар шәкірттік өткенін,
Міне, енді түлек боп самғармыз.
Ұстазым, аяулы мектебім,
Білімді сіздерден алғанбыз.

Шәкірт жыл біздерді ұштады,
Түлек боп салтанат құрармыз.
Аяулы мектебім, ұстазым,
Сіздерге рақмет, мың алғыс!

Қоңырау соңғы рет соғылды,
Мінеки, алға өмір басталып.
Сонда да шәкірттік өмірді,
Ұмытпай жүрерміз еске алып.

Ұстазым, қаларсыз көңілде,
Алғанбыз жақсы істің тәлімін.
Бізге әлі көп көмек өмірде,
Тигізер сіз берген тағылым!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу