Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  637


Автор: Ғабиден Қожахмет

Алғашқы ұстазға

(Шәкірт алғысы)

Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,
Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным.
Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,
Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын.

Бір сізді теңеуменен бәрі асылға,
Біледі, ұғады ұстаз бағасын да.
Сондықтан әр шәкірттің өмір жолда
Жүресіз ұмытылмай санасында.

Орнығып сізден үлгі санаға нық,
Сол тәлім бойдан жолын табады анық.
Қандай бір құрметке де лайықсыз,
Жатса егер еңбегіңіз бағаланып.

Бүлдіршін тәрбиесі - табысыңыз,
Бүгін де қарыздармыз бәрі үшін біз.
Шәкірттен алғыс алып қашанда да,
Жемісті бола берсін әр ісіңіз!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу