Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  1942


Автор: Ғабиден Қожахмет

Ұжымдас әріптес тілегі

Шаттық күнді талай бірге жырластық,
Қырға ассақ та ұжым болып қырға астық.
Замдарымыз болса-дағы бірнешеу,
Бастығымыз - бәрімізге бір бастық.

Бір ұжымбыз, бір мақсатта бірлестік,
Мамандармыз, болмайды істе білместік.
Бірімізге тілекшіміз бәріміз,
Жүрмейді мұнда пендешілік күндестік.

Таныс мұнда барлығы да ал саған,
Басқа ұжымды емессің сен аңсаған.
Әрбір жылың осында өткен бағалы,
Біледі соны осы жерде қанша адам.

Қарайлаумен мағыналы өткенге,
Құттықтаймыз төбең көкке жеткенде.
Мақсаттарың жүзеге ассын ойдағы,
Мақсаты жоқ бізде өйткені жоқ пенде.

Шын тілекші саған бүгін екен ел,
Жұмысыңда жетістікке жете бер.
Биіктерден қол бұлғасын марапат,
Еткен еңбек қашанда да өтелер.

Әрбір күнің сеніміңді ақтасын,
Аман болсын өз отаның - отбасың.
Тәжірибең тың ойларға жетелеп,
Бола берсін басыңда тек бақ басым.

Тағы лебіз айтайық жақсы болып кеш,
Сен де талай ұжымдасты дәріптес.
Саған табыс тілейді бүгін барлығы,
Құтты болсын қуанышың, әріптес!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу