Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  643


Автор: Саят Әбенов

Еркек пен әйел...

Жаратылыс оған енді дауа жоқ,
Жаралғанбыз Адам ата-Хауа боп.
Еркектерге әйелдерсіз жоқ өмір,
Әйелдерге еркектерсіз ауа жоқ!

Бұл Алланың бізге берген сыйын ұқ,
Тұрған ноқта қос тағдырға киіліп.
Еркек-құман,әйел-кесе десеңіз,
Құяр құман сол кесеге иіліп.

Заңдылық па? Тіршіліктің жетегі,
Құт болайық,жұп болайық некелі.
Еркектерді еркелетіп баладай,
Әйелдерді сәл мақтасақ жетеді.
Сонда өмір ғажап болып өтеді.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу