Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  261


Автор: Саят Әбенов

БІЗДІҢ ЕЛДЕ

Біздің елде қол жетпейтін үйлер көп,
Бұйырмайтын қарапайым жұртыма.
Біздің елде қол жетпейтін билер көп,
Сөйлемейтін ақша тықпай ұртына.
Біздің елде қол жетпейтін жер де көп,
Жалға берген өзге елдің ұлтына.
Біздің елде қол жетпейтін төр де көп,
Байдың ғана жығылатын ырқына.
Біздің елде қол жетпейтін басшы көп,
Жолатпайтын жұмысының сыртына.
Біздің елде қол жетпейтін əнші көп,
Құдық қазып қойған шайтан құлқына.
Біздің елде көз жетпейтін ұрлық көп,
Бір-бірінің май жағатын мұртына.
Біздің елде сөз жетпейтін сұмдық көп,
Қойдан жуас болғандықтан бұл кінə.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу