Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  236


Автор: Саят Әбенов

Үйлену той

Той соңында қалыңдық гүл лақтырар.
Таласқанын жастардың кім жақтырар.
Бойжеткендер сол гүлге үміттеніп,
Тіпті жерге бір-бірін тырнап құлар.
Қандай ғана бар екен құдіреті,
Қыздарымның санасын құрғаттырар.
"Үш"дегенде бір гүлге таласатын,
Өспеген бе өсиет тыңдап бұлар?!
Гүл-алдамшы,уақытың келген кезде,
Алла жазған алдыңда бір бақ тұрар.
Бір Алланың қолында барлығы да,
Әр адамның өмірін жұмбақ қылар.
Мына заман қай заман,қандай заман,
Ар-ұяттан бір тал гүл қымбат тұрар.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу