Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  149


Автор: Саят Әбенов

Ақын жүрегі

Əттең-ай, əттең, əттеңім-едің,
Басыңды бір сəт бүгін бұр маған.
Он екі беттік дəптерім едің,
Он екі ай бойы жырымды ұрлаған.

Сонда да күнде сағынам жүдеп,
Сен жайлы өлең жүремін жазып.
Сағынсам қайтем ауырар жүрек,
Ақын болған соң жүрегім нəзік.

Жырымды оқып жүрсің бе менің?
Ақырғы жырым ақырғы демім.
Мен бұрын бұлай күрсінбеп едім,
Күрсіндірдің-ау ақын жүрегін.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу