Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  194


Автор: Саят Әбенов

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫН ҚЫЗҒАНАМ!

Барасың қайда Қазағым?
Жоғалған бүгін ажарың...
Көзіммен көріп жүргенді,
Жүрегім жылап жазамын!

Қызыңды көрші өсірген,
Ұяты кетіп шешінген.
Доллардың болып құрбаны,
Естері шығып есірген.

Боларын бұлай біліп пе ең,
Безініп біздей жігіттен.
Жабысып алған кенедей,
Төріңде жүрген түрікпен.

Тартады бəрі балақтан,
Жар болшы өзің Жаратқан!
Қазақтың қызын қызғанам,
Қытайдан, орыс, арабтан.

Тағысы, тағы, тағысын,
Өзгенің жеген тарысын.
Кешегі Мəншүктерімнің,
Таптамасыншы намысын.

Ұятқа ұйып сыздаған,
Бабамның салтын бұзбаған.
Ананың алған тəлімін,
Қазақтың қызын қызғанам.

Қазақтың қызы қазақпен,
Қосылса болар ғажап тең.
Осы бір айтқан ақылды,
Тыңдайтындары аз əттең!

Сол үшін асым батпайды,
Ел болмас жиен қаптайды.
Ояншы, қазақ, тезірек,
Сақтансақ Құдай сақтайды.

Қайдасың, əке, текті ана,
"Қызыңды - арым" - деп қара.
Қазақтың алсын жігіті,
Қазақтың қызын тек қана!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу