Өлеңдер ✍️

  30.03.2021
  160


Автор: Саят Әбенов

Басшы

Тойымсыз кей басшыны ұға алмаймын,
Халықтың көңілінен шығар қай күн?!
Кешегі Құнанбайды үлгі тұтсын,
Тек жақсы істеріне жыр арнаймын.
Меккеде мешіт салған жалғыз қазақ,
Ол жағын мақтап айтпай тұра алмаймын.
Бұл күнгі байларыңның миллион көзі,
Жетпейді бір көзіне Құнанбайдың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу