Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  207


Автор: Міржақып Дулатұлы

Міржақыптың қайтарған жауабы

Көке аға, осы күнде мен жаспын ғой,
Жай-күйіңді біле алмай адастым ғой.
Көп жылдар мешеу қалған халық үшін,
Алаш деп, бәлшебек деп таластым ғой.

Ал, Көке, жазған сөзді кешіріңіз,
Жариялатпай қатесін өшіріңіз.
Жаңа заң, жаңа үкімет түсініпсіз,
Аяқты ұзын көлбеп көшіріңіз.

Халел мен Ахаңдарға жоқ айтыңыз,
Аз емес, білгеніңді көп айтыңыз.
Жолына бәлшебектің түсіндім деп,
Халықтың тілектесін молайттыңыз.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу