Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  261


Автор: Міржақып Дулатұлы

Балдызға ( Екінші хат)

Жаздым сәлем балдызға.
Ғашығым сіздей жалғыз ба?
Осы ауылда кездестік,
Көңілімді қалғызба.

Айналайын мақшұғым,
Өкпелеп мұны азсынба.
Қоршауда отыр жездеңіз,
Темір тордың астында.

------------------------------
Мақшұғым - сүйгенім



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу