Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  207


Автор: Міржақып Дулатұлы

Жоғалған қыз

Тұманды қоңыр бір күнде
Жоғалып шықты сұлу қыз.
Қараңғьг түн және өтіп,
Таң атып болды һәм күндіз.
Бүл таннан бізге не пайда?
Табылған жоқ әлі сұлуымыз.
Бүтін елден бір адам
Көрсейші жоқтан һешбір із!
Ұрлады ғой өлім деп,
Қайғырып жастар қылды сөз.
Іздесе де жабылып,
Болмады бұған ешкім кез.
Ұрысы мағлұм сүйтсе де,
Тіпті үмітсіз емеспіз.
Іздесе жоқты кім таппас:
Өзі - біреу, ие - жүз.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу