Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  1701


Автор: Саят Әбенов

Нағашылар

БІЗДЕР үшін асқақ мәңгі беделі,
Нағашының орны бөлек, себебі.
Анаң қымбат болған жерде ол қымбат,
Соңғы қойын сойып тіпті береді.

Кетер, шіркін, оларменен тасып құт,
Болмас бойда еш қорқыныш, жасықтық.
Нағашыға сəлем беріп қайтсақ деп,
Бала кезде бəріміз де асықтық.

Қуанатын жиеніміз келді деп,
Төр беретін жүректері елжіреп.
Сол бір тəтті мөлдір шақты еске алсақ,
Өткен күндер тұрар тудай желбіреп.

Ондай жанды қайдан іздеп табасың,
Керегіңді сұрамай-ақ аласың.
Ең бастысы тілеуіңді тілейтін,
Үш жұртыңның ең асылы - Нағашың.

Нағашыңды құрметтеу ол - заңдылық,
Текті мынау əр қазаққа тəн қылық.
Мың жасасын нағашылар қауымы,
Анамыздай жақын болған мəңгілік!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу