Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  195


Автор: Саят Әбенов

Қазақпенен қабыспайтын шетелге....

Қазақпенен қабыспайтын шетелге,
Осы біздер еліктейміз бекерге.
Өзіміздің ұлттық ою салынған,
Киіміме өзге киім жетер ме?

Сылтау іздеп жүргендер көп сыныққа,
Зер салайық ата-дәстүр, ғұрыпқа.
Өзге ұлтқа еліктесең өзің біл,
Өзің қазақ екеніңді ұмытпа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу