Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  506


Автор: Мұқағали Мақатаев

Жомарт жандарға

Қуанышпен,
не берсеңдер де
аламын,
Азық-түлік, аздап ақша,
Баспана, бақ,—
қажеті ғой адамның.
Жырларымның ақысы ғой,
көз жасы ғой қаламның.
Штаттарда,
қаңғырғанда,
жолаушымын, сый алам,
Конақүй,
қорек,
әрине, керек,
оның несіне ұялам?
Тіршілікте,
тірі адамға,
сый тартпайтын мен бе едім
Барлығына,
бар ғаламның,
бар байлығын бергемін.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу