Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  398


Автор: Мұқағали Мақатаев

Түсіме қала кірді

Қала кірді түсіме,
Мүмкін емес жеңуге,
Барлық елі ғаламның жабыла оған төнуде.
Мекені екен Достардың
түсіме енген сол қала,
Жарығында жалғанның бұрын-соңды болмаған,
Сол қалада махаббат барлығына бас болған,
Бәрі соған табынып, бәрі содан басталған.
Сол махаббат —
әркімнің қимылынан байқалған,
Көзі, сөзі, ісінен, жауабынан қайтарған.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу