Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  384


Автор: Мұқағали Мақатаев

Уайымдап, ойға шомып

Уайымдап, ойға шомып, отырмын мен шерменде,
Уайымдар жандар бар деп,
тағы басқа елдерде.
Германия,
Италия,
Испания,
Франция
сормаңдай,
Жабырқаған жандар келіп,
жанарыма толғандай.
Қытай,
Ресей,
Жапония
және-және алыста,
Тілі бөлек пақырлармен,
шіркін, бір күн табыссам,
Жерлесімнен кем көрмей-ақ, құшар еді жүрегім,
Бауыр болып барлығы да
кететіндей білемін.
Мен де сонда,
соларменен бақытты боп жүремін.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу