29.03.2021
  8674


Автор: Мұқағали Мақатаев

Керек осы адамға

Керек осы адамға?
Бүгін бе, болашақ па?!
Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?!
Қиын-ау, өзің жатып жерошақта,
Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта.
Әлде өмір сүрмекпісің бүгініңмен?!
Бүгіндік тірлік қуып, жүгірумен,
Өтпекпісің?!
Қолыңды бір-ақ сілтеп,
Ұмытып болашақты түңілумен?!
Күн кешіп жығылумен, сүрінумен?!
О, өмір!
О, неғылған сиқыр едің,
Қалай-қалай соғады құйты желің?!
Діңкелеп, шаршап келіп жантайғанда,
Тәтті бір түс көрсеткен ұйқы ма едің?!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Не істеисің
Не істеисің 23.02.2024 15:12
Беуааа қиын ғой
Мақатаев Мұқағали
Тақпақтар
Жақсы
Жақсы 07.02.2024 20:39
Жақсы
Султанмахмұт
Султанмахмұт 05.02.2024 16:36
Дос
Дамир
Дамир 05.02.2024 09:38
Күшті бірақ қиын
Мен
Мен 31.01.2024 21:22
Өте күшті
Айбар
Айбар 30.01.2024 22:37
Ана
Аятхан Бақдәулет
Өте көп
ақерке
ақерке 29.01.2024 13:16
өте қиын
Дикош
Дикош 27.01.2024 11:18
Өте күшті қысқа өлеңдері бар ма
Мұқагали мұқатаев
Тақпақ
Рахман
Рахман 09.01.2024 09:23
Чтм калайсын

Пікір жазу