Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  242


Автор: Мұқағали Мақатаев

Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным

Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным,
Кешкілік бақты ұзақ араладым,
Өбісіп те, өлісіп екеу отыр
Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым.
...Есімде бар, жаз ба еді, күзде ме еді,
Көп жыл болды бұл баққа біз келгелі.
Әйтеуір дәл осылай, бейуақта,
Құмар-көңіл әлдене іздеп еді.
Ел аулақта екеуміз отырысып,
Ерітуші ек осылай мұз денені.
Осы мезгіл, осы шақ, осы уақта,
Отырушы ек осылай осы бақта.
Артымызда қап қойған албырт жастық,
Ой, тоба! Әлі күнге шошымапты, ә?



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу