Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  246


Автор: Мұқағали Мақатаев

Жыр-ошақ

Күмілжіп, күйің келмей тұр ма, жаным?..
Қояйын бір сапырып жыр қазанын.
Біле ме жұрт, білмей ме, бимағұлым,
Тарғыл тасты таулардың бір қазағын.
Бәрібір, сенсін мейлі, сенбесін көп,
(Менің ойым менімен жерге сіңбек...)
Жыр-ошақтың өтемін отын үрлеп,
Қара елеңі қазақтың сөнбесін деп.
Батар, кетер келмеске күнім менің,
Қалар бірақ киелі тілім менің.
Қасіретті шақтардан түңілгенде,
Қасиетті тілімнен түңілмедім...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу