Өлеңдер ✍️

  29.03.2021
  402


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Ұзтазды еске алу

1980 жылы 10 «в» сыныбын бітірген оқушылар, ұстазы АҚБОРЫҚ КӘДІРБЕКҚЫЗЫН еске алады.
Осыдан 90 жыл бұрын қыстың қақаған саршұнақ аязында, қаңтардың алғашқы күні, айналасына қуаныш орнатып қазіргі Қарағанды обылысы Жаңаарқа ауданының Ералиев ауылында дүниеге Ақборық Кәдірбекқызы келеді. 1956 жылы жаңа өмірге таңдау жасап Қалияқпар ағамызбен тұрмыс құрып, баянды, бақытты өмір сүреді. Жаратқанның қалауымен ұстазымыз 2021 жылы 16 наурызда дүниеден өтті.

Ұзтазды еске алу
Аспаннан ағып түссе бір шоқ жұлдыз,
Мұңаяды аспандағы бар жұлдыз.
Сол шоқ жұлдыз өзін едің,
Түнекке шырақ жаққан білімменен.
Ұлағатты ұстаз болдың біздерге,
Еске аламыз сағынамыз өзіңді,
Өмірдегі ұлылықты үйретіп,
Құндылықты, санамызға сіңірдің.
Өткен күндер оралмайды,
Өмірдің заңдылығы солай дейді.
Күндер, айлар мейлі жылдар өтсін,
Есте мәңгі сақталады жарқын бейнең.
Еске алады, үмыта алмайды,
Сағынады ұл-қыз да.
Өніп-өскен ұрпақ та,
Жақын туыс жекжат та.
Бала кезде қалдырам деп,
Ойлаушы едім есіміңді тарихта.
Батыр ана, асыл ана,
Есте мәңгі сақталады есімің.
Он жыл мейлі жүз жыл өтсін,
Есіміңді өшпестей қып,
Жазып кетем тарихқа.
Келер ұрпақ біліп жүрсін,
Руһы биік ананы.
Өмірде де,
Еңбекте де үздік болдың.
Сынаққа да сыр бермей,
Өмір көшін алға қарай сүйрей білдің.
Немерені баладан жақсы көріп,
Шөберенің қолынан май жалаған.
Текті ұрпақтан тамыр жайған,
Асыл аналардың жалғасы едің.
Бұндай бақыт әркімдерге бұйырмаған,
Кәріліктің сұлулығын қандай пенде аңсамаған.
Тоқсаннан асып, ғасырға таяп қалғаның,
Алладан алған сауабын, жасалған игі істерің.
Адам мәңгі жүрмейді бұл өмірде,
Көнеміз ғой тағдырдың бергеніне.
Басқа түссе шара жоқ,
Кетеміз ғой о дүниені мекен ғып.
О жақта да айтады өмір бар деп,
Дозақ пенен пейіштің оты бар деп.
Айтшы маған қауыша ма бір-бірімен,
Дүниеден озған жандар, ғашық жандар.
Қыз жігіттей табысып бұрынғыдай, япырай,
Күмбірлей ме құштарлық толы кеуделер?
Көңілден орын алад сансыз сұрақ,
Хан сарай ма, білмедім бақ сарай ма?
Сағым ба, әлде елес пе?
Қақпа ашылып, бақты көрдім.
Алмасының дәмін көрдім,
Ауасымен тыныстап.
Мүлдем басқа, ұқсамайды біздің жаққа.
Дәмі басқа алмасының, ауасы да өзгеше.
Сол сарайдан қос ғашықтың,
Қол ұстасқан кейпін көрдім.
Қос аққудай көлде жүзген,
Таранып ап кете берді,
Махаббаттың кемесімен.
Хош бол Ұстаз,
Барған жерін жұмақ болсын.
Тым алыста жүрсем-дағы,
Қарай жүрдім өзіңе құрметпенен.

Айтбек Әліпов, Нұр-Сұлтан қаласы, 22 наурыз 2021 ж.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу