26.03.2021
  270


Автор: Тайыр Жомартбаев

Ана тілі

Туған анам сөйлеген ана тілім,
А дегенде: «Апа» дей алған тілім.
«Апаға» «ата» деген сөзді қосып,
Бірте-бірте сол тілмен алдым білім.
Әжем байғұс әлдилеп өз тілімен:
«Ұйықтай ғой, әкетайым, – деді, – күнім».
Ақ, қара, жақсы, жаман атын біліп,
Осы тілмен айырдың заттың түрін.
Бірді мақтап, біреуді даттасам да.
Ренжітіп, қуантсам да қайсыбірін,
Ана тілі – сүйкімді тіл, жағымды тіл,
Осы тілмен айтылар бар пікірім.
Қуанам жақындарға, достарыма,
Қалдырмай сөйлесе алам іштей кірім.
Ән салып, шер тарқатып өлең айтып,
Сол тілмен ақтарылар барлық; сырым.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу