19.03.2021
  569


Шалғайда жатқан ауылға қонаққа барған бір кісі шашын қысқартпақ болады. Ауылда екі ғана шаштараз бар екен. Шығыс жақтағысына барғанында іші біраз ескірген, еденінде шаштар шашылып жатты. Ал шаштараздың шашы қисық-қыңыр, жаман алынған болатын. Батыс жағындағы шаштаразға барғанында іші тап-таза, жаңа және шашатараздың шашы өте жақсы алынған болатын. Ойлана келіп әлгі кісі бірінші көрген шығыстағы шаштаразға барып шашын қысқартады. Мұның себебі не?

Жауабы: Ауылда екі ғана шаштараз бар болғанына қарағанда шашы жақсы алынған батыстағы шаштараздың шашын шығыстағы шаштараз алған болуы тиіс. Сондықтан әлгі кісі шашын шығыстағы шаштаразға алдырды.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу