Өлеңдер ✍️
Зейнет - өмірдің бір белесі
Есіңде ме балаң жастық, бал күндер,
Қоңыраумен басталушы еді әр күндер.
Уақыттар өтпейтіндей баяу ғана,
Ақ армандар жетелеген сол күндер.
Алғаш парта, алғашқы ұстаз, ақ арман,
Қанат қақтық сол мектептен жас балаң.
Кеше ғана бірге жүрген достарым,
Өмір жолын әр тараптан жалғаған.
Кеше ғана бала едік, міне, бүгін
Жетіппіз-ау зейнет жасқа саналған.
Қайырмасы:
Зейнет – өмірдің бір белесі,
Жылдардың берген жемісі.
Еңбекпен өткен әр күннің,
Өмірдің алтын жеңісі.
Қол ұстасып, ән салайық,
Өткен күнді еске алайық.
Достық деген асыл атты,
Жүректерде мәңгі сақтайық.
Жылдар зулап, сырғып өтті жанымыздан,
Көп із қалды маңдайдағы табымыздан.
Елге қызмет, бала-шаға, отбасы деп,
Талай таңды қарсы алдық арымыздан.
Қиындықты қайыспай біз бірге өттік,
Еңбек еттік, маңдайымызбен гүлге бөктік.
Енді, міне, бейнеттердің өтеуі бар,
Зейнет келді – «енді демал», соған жеттік!
Қайырмасы:
Зейнет – өмірдің бір белесі,
Жылдардың берген жемісі.
Еңбекпен өткен әр күннің,
Өмірдің алтын жеңісі.
Қол ұстасып, ән салайық,
Өткен күнді еске алайық.
Достық деген асыл атты,
Жүректерде мәңгі сақтайық.
Баға жетпес сол жылдардың көктемі,
Сағыныш боп алтын ұя – мектебім.
Ойымызда алаң, уайым жоқ тегі,
Махаббатта алғаш сонда көктеді.
Ескек естік өмір атты кемеде,
Қайыспадық жеңіле де, жеңе де.
Алпыстан да асып өттік ағылып,
Мойнымызда еркелеген немере.
Зейнет жасы – жаңа дәуір екен ғой,
Ата болдық қуанышқа кенеле.
Қайырмасы:
Зейнет – өмірдің бір белесі,
Жылдардың берген жемісі.
Еңбекпен өткен әр күннің,
Өмірдің алтын жеңісі.
Қол ұстасып, ән салайық,
Өткен күнді еске алайық.
Достық деген асыл атты,
Жүректерде мәңгі сақтайық.
Кеше – бала, бүгін – елге сыйлы жандар, 2- рет
Алдымызда әлі талай нұрлы таң бар!
Айтбек Рымбекұлы Әліпов,
Астана қ., 28 тамыз 2026 ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇