Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.08.2026
70
Туған жердің үні
Мен үшін сен-таң алдында туған нұрсың,
Үміттімді тербететін жырсың.
Желің ғана жан сырымды ұғады,
Кең далам, сен-жүрегімнің тынысың.
Бұлағыңнан мейірімнің дәмін іштім,
Топырағыңнан өміріме нәр іштім.
Бір уыс жерің-алтыннан да қымбат қой,
Сол байлықпен мәңгі бірге табыстым.
Асқар тауың асқақтықты үйретеді,
Самал желің сабырлыққа жетелейді.
Қай қиырға тағдыр мені апарса да,
Сенің атың жүрегімде тербеледі.
Гүлдене бір, қасиетті туған өлкем,
Сенен алған күшпен ғана биікпін мен.
Өткенім де, болашағым, бақыттым.
Өзіңсің ғой, мәңгілікке туған өлкем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇