18.03.2021
  172


Арқаңызбен толықтай дуалға сүйеніп түрегеп тұрыңыз. Аяқ ұшынан (бармақтардан) 15 см алдына сіріңке құтысын қойыңыз. Енді сол құтыны аяқтарыңызды (тізені) бүкпей еңкейіп алып көріңіз. Алайда ала алмайсыз. Мұның себебі неде?

Жауабы: Еңкейгенде ауырлық центрі алға жылжиды. Сондықтан тізені бүкпей сіріңкені көтеру мүмкін болмайды. Жалпы жерден ауыр зат көтеретін кезде тізені бүкпей көтеру белге салмақ түсіреді. Бұл зиянды болып табылады. Жерден ауыр зат көтеретін кезде тізені бүгіп барып көтеру керек.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу