08.06.2026
  115


Мектептегі буллинг: Көз жұмуға болмайтын мәселе


Мектеп қабырғасында бір оқушыны көп болып шеттету, мазақтау немесе әлеуметтік желіде сөзбен балағаттау (кибербуллинг) жиі кездеседі. Көп жағдайда айналадағылар бұған "жай ғана қалжың" деп қарайды. Бірақ бұл — қалжың емес. Буллингке ұшыраған бала тұйықталады, сабақ үлгерімі төмендейді және өзіне деген сенімін жоғалтады.
Не істеу керек?
Үнсіз қалма: Егер сені немесе сыныптасыңды біреу ренжітіп жатса, мұны міндетті түрде мұғалімге, мектеп психологына немесе ата-анаңа айт. Оны "жеткізушілік" (стукачество) емес, өзіңді және өзгені қорғау деп түсіну керек.
Қолдау көрсет: Шеттетіліп қалған баланың жанына барып, жылы сөз айтудың өзі оған үлкен күш береді.
 Күшті болу — өзгелерді ренжіту емес, әлсіздерге көмектесу. Мектеп — әр бала өзін қауіпсіз сезінетін орынға айналуы тиіс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу