11.05.2026
  108


Автор: Саутбек Нұрай

Қоғамдағы достық пен сенім: әлеуметтік желілердің әсері

Достық пен сенім - қоғамның тұрақтылығы мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізі.
Достармен байланыс бұрын тек бетпе-бет кездесулер арқылы ғана болса, қазіргі таңда Instagram, TikTok, Telegram секілді платформалар арқылы да қолжетімді.
Бірақ бұл байланыстар шынайы сенімге қалай әсер етеді деген сұрақ өзекті болып отыр. Осы мақалада біз әлеуметтік желілердің достық пен сенімге тигізетін оң және теріс әсерін қарастырамыз.
Әлеуметтік желілер қашықтағы адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мысалы, достар немесе мектептегі сыныптастармен жүздеспесеңіз де, олардың өміріндегі маңызды оқиғаларды бақылауға болады.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілер ұқсас қызығушылықтары бар адамдармен танысуға жағдай жасайды: спорт, әдебиет немесе өнер бағытындағы топтар арқылы жаңа достар табуға болады. Бұл адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, жаңа достық байланыстардың пайда болуына ықпал етеді. Алайда әлеуметтік желілердің жағымсыз әсерлері де бар.
Онлайн достық кейде бетпе-бет қарым-қатынасқа қарағанда әлсіз болып келеді. Жалған ақпарат, жалған профильдер немесе адамдардың шынайы сезімдерін жасыруы сенімділікті төмендетеді. Кейде жеке өмірге қол сұғу, бақылау немесе әлеуметтік қысым сияқты жағдайлар да туындайды. Бұл өз кезегінде достық қатынастардың сапасын төмендетіп, сенімділікті азайтады. Мысалға, жасы үлкен ер адам кәмелетке толмаған қызға жалған профильмен жазып танысуы .
Бұл өте қауіпті болуы мүмкін. Жастар арасында әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатынастың дамуы психологиялық аспектілерге де әсер етеді. Кейбір адамдар онлайн байланысқа тәуелді болып, бетпе-бет кездесуден бас тартып, жалғыздық сезіміне душар болады. Бұл сенім деңгейінің төмендеуіне және қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану және шынайы қарым-қатынасты сақтау маңызды. Шынайы достықты сақтау үшін онлайн және офлайн байланыстарды үйлестіре білу қажет. Достық пен сенімділікті бағалап, оларды сақтау  – заманауи қоғамның маңызды міндеттерінің бірі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу