Өлеңдер ✍️

  11.05.2026
  130


Автор: Саутбек Нұрай

Тағдырға хәкім жоқ

Түсіме кіріп күнде жарқырайсың,


Сағыныштан жанымды таусылмайсың.

Сол түсте мәңгілікке қалғым келе,

Сенсіз өмір - қағылған суық шеге.


Естайша мен де бүгін жыр толғайын,

Өзге жанның киесі боп қонсаң-дағы.

Жазған әр әнімнің сен иесі бол,

Тағдырға хәкімім жоқ, болса да мұңы…


Бұл бір дерт - дауасы жоқ, шарасы жоқ,

Жанымның сенен өзге панасы жоқ.

Дертім де, дәрім де - Сен, шырағым-ау,

Жүректің сенен басқа таңдауы жоқ.


Назира мен Тоқтарды жыр қылайын,

Қиындықта сезімі лаулаған-ды.

Күтуден Назира еш шаршамады,

Үміті тек Тоқтарда жалғанған-ды.


Сүйіп өтем, тоқтатпай бұл үнімді,

Сағынышқа арнадым әр күнімді.

Өзіңмен бірге ала кетсем деймін,

Қабірдің түбіне дейін бұл мұңымды….



•Саутбек Нұрай



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу