Өлеңдер ✍️

  11.05.2026
  119


Автор: Тұрдыхан Айдарханұлы

Сені ойласам

 


Сені ойласам


Көтеріліп көңілден күй туындар,


Қандай ғана білмеймін сиқырың бар.


 


Сені ойласам


Көк мұнарлы кеудеме көктем қонар,


Қалай ғана қыз-көктем естен қалар.


 


Сені ойласам


Жырға толып бірдемде аспан асты,


Періштелер қалқиды ақ қанатты.


Мөлдірейді ару көз аспан анау,


Одан артық бақыт жоқ басқа маған.


 


Сені ойласам


Қаракөлді әлдилеп қаздар әні,


Кереметтей көңілге жаз қонады.


 


Сені ойласам


Ақ сезімге оранып аппақ ғұмыр,


Мұң тұнады жүрекке тәп-тәтті бір.


Асау ағыс жанымнан тынып бірдем,.


Сыбырлайды толқындар тұнық тілмен,


 


Сені ойласам


Сондай шақта толқыған тереңімнен,


Өз-өзіммен сырласам өлеңіммен.


Жан-дүнием болады астаң-кестең,


Бақытымды сағынып бастан көшкен.


 


Сені ойласам


Байтақ әлем кетеді жаһұт құсап,


Тереземнен сығалап бақытты шақ.


Саусағымды созамын одан ары,


Келеді деп бақсының жорамалы.


Сені ойласам...


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу