Эсселер ✍️
«Он саусақ» әні..
«Он саусақ» әні..
Бұл – Біржан салдың көлеңке басын ұзартқан үлкен өмірінің қалайша тез өтіп бара жатқанын еске алуы...
Біржан сал егде тартады. Тәні ауырлайды. Жүріс-тұрысы азаяды. Оты-рыс, думаны сирейді. Елеңдеп ешқайда шықпайды. Өзін іздеп кеп әнде-тушілер де байқаусыз ғана тиыла береді. Баяғыдай селт етіп сүйсіну, сүю жоқ. Еріксіз ән салдыратын ду-ду өмір ол да ұмыт болғандай. Жоқ жер-ден толқытатын құмарлық, әсер, әлденеге көз тігіп, ұмсыну ол да суыған. Біржан сал өзге түгіл өзіне түсініксіз хал кешіп, «өмірдің базары тарқаған екен ғой», – деп дел-сал, бұйығы тірлік әуенімен жүріп... ал... бір күні қайта «оянды» «бұлғақтап», жер-көкке симай, күні кеше ғана өзі сайран салған жерлерді аңсап, дүр сілкініп тарта жөнелді. Үлкен Қарой Жайылмадан бір-ақ шығып, Қүрсары Керейдің Дуадақ, Сақал, Төбет, Бақтыбай, Малайсары, Кигентай ауылдарында:
Домбыра күйге келер бұрауменен, Келіспес сөз жүйесі құрауменен, Гүлденген бәйшешектей шіркін жастық, Келмейді енді қайтіп сұрауменен.
Ал, он саусағым бір баспай, Жүрмін қалай жер баспай.
Жиын – тойдың ішінде, Ән салушы ем осылай.
Келгенде сөз жүйесі іркілмеймін, Жорғадай жолға салған бүлкілдеймін. Келгенде мынау жасқа кәрілік жеңіп, Секілді ақбас бура күркілдеймін.
Мінеки, келіп қалдым талай жасқа, Ағарды нысан кіріп сақал, шашқа. Отыз бен қырық бестің арасында, Болушы ед, сөзім ортақ кәрі, жасқа.
Сұрасаң, төрт момынның жүйрігімін, Үш жүздің алға ұстаған тұйғынымын. Бас та емес, аяқ та емес осы күні,
Ноқтаның жуан сағақ тұғырымын, – деп бір тосын әнін шырқай-ды.
Кейін бұл ән – «Он саусақ» деп аталып кетеді.
Ел ішінде айтулы әншілердің көзі өткен соң ол ұмытылғандай елеусіз жата берген. 1981 жылдың желтоқсан айында Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, тағы басқа да ірі дарын иелерін зерттеп жүріп, Көк-шетау облысы, Володар ауданы, «Қарасев» совхозының «Бірлестік» бөлім-шесінде тұратын суырыпсалма ақын, әнші Байжұман Ғабдуллин ақсақал осы әнді магнитофонға жазып алған едік, Байжұман орта бойлыдан жоғары, кең иықты, кесек бітімді, қимылы шапшаң, ақсары кісі. Ол соноу бір жылдары Чкалов ауданындағы «Амандық» совхозында агроном боп істейді. Сол ауылда Нұрымның Беркімбайы деген қарт әнші тұрған. Беркімбай Біржан салды көрген, Ақан сері. Үкілі Ыбырайлардың соңынан еріп, үлгісін, өне-гесін көріп, әндерін үйреніп, ерілік құрған. Үкілі Ыбырай жазықсыз жапа шегіп 1929 жылы түрмеге түскенде сол кезде елде ауылнай боп жүрген өзіне өте қадірлі Ахметқалиға жолдаған ең соңғы «Қалдырған» әнінде:
«...Қалдырғаным» сол артыма, Айтып жүрсін халқыма. Ауызыңның ебі бар еді,
Беркімбайға бергейсің! – дейтін Беркімбай осы кісі. Байжұман «Он саусақты» сол Беркімбайдан үйренген.
Байжұман – биік тенор, домбыраны өте қатты бұрайды. Және әнді алапат күшпен қуырып, бездіріп, безектетіп әкетеді. Байжұманның орындауында «Он саусақ» тоқтаусыз ағылады, қайырмасында өзін-өзі зорға тежегендей боп кең шайқақтап, ақыры лақылдаған, жалындаған, бұла сезімге ие бола алмай, екпіні емен жығар жойқын желдірмеше жөңкіле береді. Кешегі Әл-сейіт ақындікі дейтін белгілі желдірменің түп төркіні осы «Он саусақта» емес пе екен, деген ой жатады жүрек түкпірінде. Бір ғажабы, Мұқан Тө-лебаевтың «Коммунизм оттары» атты патетикалы кантатасында да «Он саусақтың» қуатты лебі еркін сезініп, жүреді де отырады.
Бұл шынында Біржан салдай серілік дәуренді сүріп баққан жанның білдір-мей жылжыған мезгіл әмірінің ырқына, егделікке, марғаулыққа көнбей, бір кездегі бұла күндерін іздеген серпілуі, бұлқынуы... әншіл көкіректің дүмпуі, берілмеуі, қайтпауы. Әннің өн бойынан ен нәрсеге дес бермейтін осындай асау қайрат сезіледі. Ол тым еркін. Бүгінде «Он саусақ» әні Қайрат Байбо-сыновтың орындауында қанатын кең жайып, ел-елге мәшһүр болды. Кез келген сахнаны дуылдатып, думандатып, жайнатып жібереді. Біржан сал-дың композиторлық болмысы мен шабыт қуатының қандай құдірет екенін осы әнінен-ақ білуге болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇