Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.05.2026
82
Таң-өлара
Қиялымда қызыл-жасыл гүлдерді,
Шымырлаған шыңырау теңіз мұң көмді.
Күрең күндер күмәнімді күшейтіп,
Түпсіз түндер аймалайды мүрдемді.
Жеңілемін,
Шегінемін майданнан,
Уақыр кетер,
Бәр-бәрінен жай қалғам.
Тағы, тағы табанынан таусылған,
Арманым бар аруаққа айналған.
Үрейлі әуен басып ылғи мысымды,
Түгендеймін түнде көрген түсімді.
Тәтті үміттің талқан етіп шөлмегін,
Тәңір маған қара қағаз ұсынды.
Бейуақта қалғиды әлем жым-жылас,
Қараңғылық санадағы мызғымас.
Айдаһар таң ажалыма көрінген,
Ауызынан жалын шашар
... мың құлаш.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇