Өлеңдер ✍️

  16.04.2026
  1054


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Ана деген жалғыз әлем...

Дүниенің нұры түскен жанарыңнан,
Еңбектің табын көрем қабағыңнан.
Анашым, бақыттымын бұл өмірде,
Жәннәттің кілтін тапсам табаныңнан.

Ақ таңым, ақ жүзіңнен арай көрем,
Үніңді – мейірімге балай берем.
Сол үнмен бесігімде әлдилеген,
Қолыңа тарамданған қарай берем.

          Қайырмасы:
Ана – маған шексіз бақыт ғаламсың,
Ана, жабыққанда жүрегіме панамсың.
Әр өлеңім ана болып басталып,
Әрбір жырым бір өзіңнен нәр алсын.
Ана – сенсің мәңгі сөнбес жырым да,
Ана, бар байлығым – өзің ғана, нұрым да.
Ана деген жалғыз әлем, тұғыр бар,
Сол тұғырға тағзым етем ғұмырда!


 


Тәй – тәй басып дем бердің сүрінгенде,
Қанатымды қатайтқан ғұмыр белде.
Сен жұбаттың дүниеден түңілгенде,
Сен қуандың биіктерге ту ілгенде.



Анашым, махаббаттың тұрағысың,
Шөлдесем мейірімнің бұлағысың.
Төрт бөлген түн ұйқысын бір мен үшін,
Қайсарлық, батырлықтың шырағысың.
             Қайырмасы:
Ана – маған шексіз бақыт ғаламсың,
Ана, жабыққанда жүрегіме панамсың.
Әр өлеңім ана болып басталып,
Әрбір жырым бір өзіңнен нәр алсын.
Ана – сенсің мәңгі сөнбес жырым да,
Ана, бар байлығым – өзің ғана, нұрым да.
Ана деген жалғыз әлем, тұғыр бар,
Сол тұғырға тағзым етем ғұмырда!
Айтбек Рымбекұлы Әліпов






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу