Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.04.2026
363
Жайма-шуақ
Қараймын айналама алақ-жұлақ,
Ойымда қайдағы бір жайма-шуақ.
Сенің түрің маған таңсық.
Кешір мені егерде таныс болсақ.
Жасым 17-де боз бала шақ,
Қорқынышты қиырдағы болашақ.
Жек көр мені, қаласаң жақсы көр
Кетпеші бірақ менен тым алшақ.
Жалғыз қалсам есімді жия алмаймын,
Мәңгі түсте өмір сүрем жайма-шуақ.
Онда мен жан біткеннің арманымын,
Кетемін қалай одан енді алшақ.
Сүйші мені өлердей өтінемін,
Айтуға бірақ оны ұмытпа.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇