Өлеңдер ✍️

  03.04.2026
  207


Автор: Мұсабеков Азатбек Нұрболатұлы

* * *

Жымың қағып жұлдыздар жылтырады,


 


Түн ішітамұқтан кеп мұң тұнады.


 


Жапырақтар салады сазды әніне,


 


Сол әнмен ой-қиялым бұлдырады.


 


 


 


Жапырақты,тыңдасаң ерек үн бар,


 


Жылатар тал қайыңдытерегіңді әр.


 


Ғұмыры өлшеулі ғой барлығының,


 


Білесің ажалыңның келерін дәл!


 


 


 


Міндетің ғойкүз өту көктем келіп,


 


Жапырақтың қайғысын шеккен бе едік?


 


Олар қайтып көгерер көктемге еріп,


 


Адам қайта оралмас кеткенде өліп!


 


 


 


Күз келгеншеатырап ән тыңдасын,


 


Мұңаймасынқуансыншарқ ұрмасын.


 


Өлем деп өкінбесін жапырақтар,


 


Жайнасын онда мүлде зар тұрмасын.


 


Ал адам дүниеден өткенінше,


 


Құнсыз қылып алмасын алтын басын!…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу