Өлеңдер ✍️
Азатбек Мұсабеков өлеңдері
Мұсабеков Азатбек Нұрболатұлы
Мұсабеков Азатбек Нұрболатұлы —2005 жылы Алматы қаласы Бостандық ауданында дүниегекелген.
Қазір Шымкент қаласы Мардан Сапарбаев атындағы института,тарих факультетінің3курсында оқиды
Қалалық жыр мүшайраларының жүлдегері…
Қош келдің!
Кешім ауып, каралы түн кіргенде,
Мұң қайғыдан жылағанда құр кеуде.
Нұрдай келдің, жарқыраған жүзіңмен
Бұл Еңсемді көтере алмай жүргенде.
Талай талай тауды астым мен сенделдім,
Жанада алмай бықсып жатып, сөнгенмін.
Үміт деген қыл арқаным үзілді,
Көздеріңмен үміт беріп сен келдің
Өмірімнің ең, керемет бөлшегі,
Тапқан сәтім,сүйген кезім мен сені.
Қаншалықты ұнатамын білмеймін,
Жетпейді оған дүниенің елшемі.
Сен келгелі басымдағы көшкен мұң
Бір керемет сезімді де кешкенмін.
Ақ жүрегім тандағаным сен болдың,
Таласы көп тағдырыма қош келдің…
Ауылға хат
Ағайынсыз,ауылсыз құса болғам,
Тіршілікпен тіреске түсед(i) адам.
Бұршақтатып жыр жаздым сағыныштан,
Амансың ба, қалайсың, Үсен ағам?
Ізіңменен іні болып ергем талай,
Жай беремін тек өзіңе төрденде оңай.
Түтініңді түтетіп, тірлік қылған,
Айдай аппақ, сұп-сұлу жеңгем қалай?
Атам сені айтатын ойлы еді деп,
Кейде шалқып жүресің кейде жүдеп.
Шымқалаға Біз кеттік, ал сен ағау,
босаға ға таңылдың, бейнеті көп.
Саған қарап отыр-ау, ауыл-аймақ,
Бір басыңда болғасын тарыдай бақ.
Өзбек көрші ағаның, балалары,
Ағаш атпен жүрме әлі, Абылайлап?
Апаларым барма әлі? ар ойлайтын,
Кимешектен өзгесін оранбайтын.
Каладағы ұлының, жолын тосып,
Қара жолға телміріп қарайлайтын.
Ауыл жайлы толқытты әуен бәлкім,
Ағайынға, Ауылына тәуелді әркім.
Сағынышым сарғайды сары күздей,
Соңғы күні барамын кальендардың…
Аке
Жүрекке жиған Мұңды ұтса жаным,
Жазар ем,жұрт жырымның ұқса бәрін.
Өзге жандар оны тауға ұқсатады,
Мен әкемді аспанға ұқсатамын.
Жалынды,жанарына күн күйіп тіпті,
Алыпты айналаға жиып құтты.
Бұл өмірде сүрінсең жасымауды,
Әкемнен үйренген ем биіктікті.
Жан жылатар шуақты күлкіменен,
Мендік миды алады сілкіп өлең.
Әкем күлсе күледі барлық ғалам,
Ашуланса найзағай күркіреген.
Әкем-аспан!
Мен едім,қара жерің,қиыр далаң,
Көк жүзі бір өзіңсіз қиын маған.
Қате қадам жасар алдын,
Саған қарап өзімді жиып алам.
Ақ көрпемен күнәсін жапқан бәрі,
Сағынады ол өткенді, тәтті арманы.
Көк шыбындай дуалап аспан жақтан,
Мезгілсіз Жерге төнед(і) ақпан қары.
Білемін мен, сағынады ол өктем күнін,
Сұрай ма екен, дәл сендей көктен сырын.
Мен қимаған жапырақ, өткен күзгі...
Сүйе ме екен дәл мендей көктем нұрын?!
Ақ тырнадай ақша бұлттар тізіліп,
Көк айдынын құстар ұрттап үзіліп,
Гүлдер шерін қайта жиып ішіне,
Сыйлай кетті, мына жұртқа жүз үміт...
Қыздың!
жиған жүгіндей, маужыраған таулары,
Сүйіншілеп бұлттар, шартарапты шарлады.
Күн шуағы,сәл жымиып қозғалады еріне,
Арман құсым көктем әнге салғалы...
Ол ақпанын сағына ма кім білсін?
Бұлттың сыры тамшылаған жауындай.
Ұялады, күн батуға ертерек,
Ай жатады ақ бұлттарды жамылмай.
Дауадай, жаныма, көбесін даланың сөктіріп,
Көктемім, келдің бе тағы да?...
Сағыныш жел ме еді, тіл қатшы жаңбыр ма?
Кеткендей малынып жер жүзі таң нұрға...
Жымың қағып жұлдыздар жылтырады,
Түн іші, тамұқтан кеп мұң тұнады.
Жапырақтар салады сазды әніне,
Сол әнмен ой-қиялым бұлдырады.
Жапырақты,тыңдасаң ерек үн бар,
Жылатар тал қайыңды, терегіңді әр.
Ғұмыры өлшеулі ғой барлығының,
Білесің ажалыңның келерін дәл!
Міндетің ғой, күз өту көктем келіп,
Жапырақтың қайғысын шеккен бе едік?
Олар қайтып көгерер көктемге еріп,
Адам қайта оралмас кеткенде өліп!
Күз келгенше, атырап ән тыңдасын,
Мұңаймасын, қуансын, шарқ ұрмасын.
Өлем деп өкінбесін жапырақтар,
Жайнасын онда мүлде зар тұрмасын.
Ал адам дүниеден өткенінше,
Құнсыз қылып алмасын алтын басын!…
Қош бол
Маған берген сертіңді бұза тұрып,
Мына мені кеттің сен ыза қылып.
Өлең болып мен қалдым жалғыз ғана,
Ақжүніс боп,сен кеттің ұзатылып…
Ар алдында жүрегім ақ қой менің,
Келін болу әр қызға бақ қой керім.
Жаным саған не дейін?
Бақытты бол!
Ақ орамал құт болсын, ақ көйлегің.
Шалқасынан ай жатқан төсін кере,
Жылу берді күздің сол кешінде не?
Айбергенов көшесі… Әрмен қарай,
Не болғаны қалқам-ау есіңдеме..?
Болмаса да икемім биге менің,
Сол бір кеште қоймадың, сүйреледің.
Иығымда қолдарың тербетіліп,
От сезімге күйгенмін, күйген едің.
құштарлықтың ағытып түймелерін,
Содан бері ешкіммен билемедім.
Қызыл раушан, гүлдеген ерініңді,
Күйеуіңнен бірінші сүйген едім…
Қош бол...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇