Өлеңдер ✍️

  14.02.2026
  355


Аспан сыры

​Неткен ғажап, сөз жетпейді, өзің көрші бір қарап.


Ойлама сен бір қарап: "Несі ғажап?!"


Сөзі жоқ, айтар сыры шексіз көп.


Сұлулықтың ар жағында мұңы бар ма?


Көзің көрмес, бұл сұраққа жауап бар ма?


​Суға түскен жарығы мөлдір түске,


Алмасады күннен үнсіз түнге.


Сұлулығы жетпейді ешбір жанның,


Сәулесі жоқ, жарығы бар аспан-айдың.


​Айтшы енді, жаным-ау, табиғаттың жаны бар ма?


Жаны жоқ деп мәлімдеме босқа ғана.


Бағала табиғаттың әрбір күнін,


Тамсанамын, сүйемін әрбір айлы түнін.


 



  1. Автор:Азербаев МаханбетАли 



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу