Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.01.2026
230
Лашық
Айдалада жалғыз лашық тұр.
Оның іші тәтті түстермен қиялдарға толы.
Шексіз де шетсіз көбелек сезімдер
өлеусіреген май шамға ұмтылады.
Мен оның алдында тұрмын.
Лашықтың төбесінен сенімсіз күбірлер әуеге көтеріліп жатыр,
жалғыздық үні жанды тербейді.
Оның ішіне кіргім кеп жақындадым,
алайда ол мені жұтып кетеме деп
қатты қобалжып тұрмын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇