Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.01.2026
247
Құмыра
Көкжиектің жанарында қан ұйып,
Батып барам тамшылаған мұңдарға.
Таңдайында уақыттың,
Тасқа айналған тарих.
Аспан жерге дәт айтатын күн барма?
Қара барқын бейуақтың сұлбасы,
Аңдып басып алға қарай жылжыған,
Есінейді ес ішінде бұл ғұмыр.
Түн тәңірі қылғыған.
Сүлейменнің мөрін басып бетіне,
Ықылымда көк теңізге тасталған.
Диу сезім мекендеген сан ғасыр,
Бақ ішінде шөлмек жатыр бос қалған.
Мен ғаламның көз жасына байланам,
Ескі дүние ештеңе жоқ жаңарған.
Жаса еркіндік!
Ақ түтінге айналып,
Сол диудай қашып шыққан қамаудан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇