Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.01.2026
190
Алма және әлем
Көктемде алма ағашы
бүршік ашып,
үмітпен көкке бой созады.
Жазға қарай ағаштардың басында
толысып келе жатқан алмаларды көресің.
Олар бейне бір-бір жер шары сияқты,
кеңістікте тербеліп тұрады.
Күзде нарттай қызарып піскен алмалар
қып-қызыл нәпсіге айналады.
Олардың өз кеңістігінен
жерге топ етіп түсуі
әлдебір үзілген үмітке ұқсай ма?
Жоқ!
Ал біз тағат қылмай бірден үзіп аламыз.
Тартылыс күш пен алманың арасында
не өмір сүреді?
Бұл бізге мәңгілік жұмбақ.
Ал егер Ньютон да нәпсісіне еріп,
алманы алдын ала үзіп алған болса,
онда не болар еді?
Әбден толысып піскен алма —
толғақты ой.
Ол әлемді қозғайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇