Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.01.2026
164
Қос аққу
Қос аққу үсіп қапты жатыр мұзда,
Айнала ақ қар, көк мұз, аяз дала.
Мейірімді бір жігіт кеп алып кетті,
Салып ап екі аққуды машинаға.
Жылытып үйіне әкеп, тамақ беріп,
Үсіген аяқтарын емдеп көріп.
Қос құстың ортасында ән сап отыр,
"Жүрегім жүрегіңмен егіз бе?" - деп.
Әр-Рахим сүйеді екен рақымдыны,
Бұл жағдай жігітті елмен жақын қылды.
Қос аққу еш алаңсыз қыстау үшін -
Қазағым сұрап жатыр "каспийің" - ді.
Аллаһтың нұры жаусын шаңырағыңа,
Береке құт дарысын мал-жаныңа.
Аққудай сүйгеніңмен қол ұстасып,
Сен де кір Қияметте Фирдаусқа!
Гүлмекен Қасенбайқызы
13.12.2025
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇