Өлеңдер ✍️

  08.12.2025
  136


Автор: Ерлан Ахмет

2025. Қараша

Астананың қарашасы:


Қар аралас жауындатып,


Борандатып, дауылдатып,


Осы боп тұр "тамашасы".


 


Күздің соңғы айында бұл:


Көк тайғақты жерді көрдік,


Сырғанаған елді көрдік,


Салып қойды уайымға бір.


 


Ғашықтарға қарасаңыз:


Мойымады, бет түзеді,


Көңілді күн өткізеді,


Биіктеген аласаңыз.


 


Қала берсін осы қалып:


Сәлем - түзу, есендікпен,


Сыпайылық, шешендікпен,


Қатарласты қосып, анық!


 


Күтеріміз, тілеріміз:


Той көбейсін атқарылар!


Үміті бар арттағылар,


Үзілмесін күдеріңіз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу