Өлеңдер ✍️

  15.11.2025
  411


Автор: Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздіктің 34 жылдығына арнау

Тәуелсіздік, тұғыры биік, тұлғасың!
Жырласын сені барша, қазақ, жырласын!
91 - де егемен, еркін болып, ек.
Өте шықты бүгіндері 34 жыл қырды асып.

Бүгін, міне, «Мәңгілік ел» атандық.
Сенің арқаң соның бәрі Тәуелсіздік, Бостандық!
Көк байрағың желбіреді Рио - да,
Жеңіс туы көтеріліп, қазағымның ән ұраны шырқалып!

Елімізде тұрақтылық, бейбітшілік орнаған.
Әртүрлі ұлт бір шаңырақ астына бүгін жиналған.
Ақ, қарамыз, сарымыз деп бөлінбей,
Барлығы да «Қазақстан азаматы»атанған!

Жаңаша жазып, жаңаша қалам тербейін.
Қалайша мен, халқым - ау, тебіренбейін!
Көріп тұрмын экономика өскенін,
Көріп тұрмын елімнің жетістіктерін.

Ұзағынан болсын дейік, Тәуелсіздік тұғырлы!
Соғыс өрті жауламасын Егемен, Еркін елімді!
Бақытқа толы, мейірге толы, шат күлкі,
Кетпесінші, өскелең ұрпақ келбетінен, бүгінгі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Арай
Арай 09.12.2025 19:33
Авторы кім екен?

Пікір жазу