02.11.2025
  162


Автор: Назерке Батырханова

Қазақстанда 2025 жыл "Жұмысшы жылы" деп жарияланды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұмысшы кәсіптердің өркендеуіне аса назар аударуда. Қазіргі таңда жастардың көпшілігі жоғары білім алуға ұмтылады, алайда диплом алғаннан кейін жұмыссыз қалатындар аз емес. Ал техникалық және кәсіптік білім алған жас мамандар тезірек еңбек нарығына бейімделіп, ерте табыс тауып бастайды. Мемлекет жұмысшы мамандықтарын қолдау үшін гранттар бөлу, кәсіптік білім беру мекемелерін заманауи технологиялармен жабдықтау, жастарды өндірістік тәжірибеге тарту сияқты шараларды қолға алуда. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2025 жылға қарай батыс өңірлерге 13 трлн теңге көлемінде жеке инвестиция тартылып, 175 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл еліміздің өндірістік әлеуетін арттырып, жастарға тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік береді.


    Қазақ халқы "Өмірде екі заттан қателеспеу керек" демей ме? Соның бірі – мамандық таңдау. Кейбір жастар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп, қолынан келмейтін мамандыққа бас сұғып, уақытын текке өткізіп алады. Ақырында жұмыссыздардың санын көбейтеді. Былай қарап тұрсақ, жұмысшы мамандықтарынсыз ел экономикасын елестету мүмкін емес. Егер құрылысшылар болмаса, біз тұратын үйлер де, кеңселер де, көпірлер де салынбайды. Егер ауыл шаруашылығы мамандары еңбек етпесе, дүкен сөрелерінде азық-түлік жетіспеуі мүмкін. Автомеханиктер мен жүргізушілердің арқасында көлік қатынасы үзілмейді. Мұның бәрі жұмысшы мамандардың маңдай терімен жасалады. Дегенмен, қоғамда жұмысшы кәсіптеріне деген көзқарас әрдайым жоғары болған жоқ. Көптеген жас түлектер университеттерге түсуді мақсат етсе, кәсіптік және техникалық мамандықтар көбіне көлеңкеде қалып қояды.


    Қоғамның дамуы үшін әр саланың маманы маңызды. Бүгінде мемлекет бұл кәсіптердің беделін арттырып, жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыруда. "Жұмысшы жылы" – тек бір жылмен шектелетін бастама емес, ол ел экономикасы мен еңбек нарығының тұрақты дамуына бағытталған ұзақ мерзімді стратегия. Бұл бастама арқылы жұмысшы мамандықтарына деген құрмет артып, еңбек адамының қоғамдағы рөлі күшейеді. Әрбір жас маман өзінің қабілетіне сай мамандық таңдап, шынайы қызығушылықпен еңбек етсе ғана табысқа жетеді. "Еңбек бәрін жеңбек!" демекші, өз ісінің шебері болған адам қай салада болмасын сұранысқа ие. Ең бастысы – жеңіл жол іздемей, маңдай теріңмен адал еңбек ету. Сонда ғана еліміз өркендеп, жұмыссыздар мәселесі атымен жоқ болар еді. Қазақстанның өркендеуі – саналы, білікті, еңбекқор ұрпақтың қолында!


Батырханова Назерке Ертайқызы 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу