Өлеңдер ✍️

  01.11.2025
  255


Автор: Тұрдыхан Айдарханұлы

Ақын және төрт маусым

Белге шығып ақ шашымды ұйтқытып,


Күздің бұлты саған жауап қайтарам.                                                               Серік Қапшықбайұлы. Ақжал толқын жар жағаны сүзді кеп,Көк тасқынды көктем келген кез мынау.Жыр төгеді кіп-кішкентай бір жүрек,Ақын көңіл бір қуаныш сездің-ау. Ай көлкиді,Сырнайлы өзен сыңғырлап,Әр кеудені кернеп кетті ән желік.Жайсаң ақын жаз бұлақтың күлкісі,Әуеніңе жатыр, әне әр беріп. Қоңыр алап, қоңыраулы қоңыр күй,Қаз-тырналар хош айтысты көлімен.Саңлақ ақын таң бозынан оянып,Жарыстың ба, күздің салқын желімен. Бала талдар жапырақсыз тұр жүдеп,Сұрғылт аспан, дала шаңыт боз қырау.Долы боран қар ұйтқытып тұрды үдеп,Ақын жаны қияңқы қыс көр мынау. Тағдыр қатал тарта берсін қайғысын,Тірісінде ол барлығына төзеді.Табиғаттың жарып шыққан өзегін,Ақын деген маусымдардың өзі еді




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу